Сертификат – қолда, табыс – алда!

(0 Votes)

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Құрманғазы аудандық филиалының ұйымдастыруымен сәуір айынан бастап кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын үйрету, ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. Бірінші топтың оқуы аяқталып, сертификат беру рәсімінде «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының басшысы Ұлыбек Өтегенов:

- Ауданымызда жүзеге асқан жобада бірінші топта 44 адам кәсіпкерлік бағытында білім алуға ниет білдірді. Бүгінде оның 25-і өз бизнес жобаларын сәтті қорғап шықты. Қатысушылар қолданыстағы бизнес кәсібін ашуға, кеңейтуге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға толықтай мүмкіндігі бар. Сертификаты мен бизнес жобасы қорғалған азаматтар өз қаражаттарына немесе 6 пайыздан басталатын жеңілдетілген ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылығы емес бағыттардағы несиеге қол жеткізеді.

Сондықтан, оқуға қатысқан кәсіпкерлерімізге мемлекет тарапынан берілген үлкен қолдаудан құр қалмай, алған несиенің мақсатты жұмсалуына мән беріңіздер, - деп, бизнес жобасын қорғағандар мен оқуға қатысқандар үшін арнайы сертификаттарын табыстады. «Жұмыспен қамту - 2020» орталығының директоры Базарбай Өтеулиев «Бастау бизнес» жобасы жас кәсіпкерлерге көрсетілген тамаша мүмкіндік екендігін алға тартып, бүгінгі күні осы І топта білім алғандардың ішінен 5-еуі несиеге қол жеткізгенін, алдағы уақытта олардың санын арттыруға жұмыстану қажеттігін тілге тиек етті. Оқу барысында бизнес-жобаны комиссия алдында қорғауға үлкен септігін тигізетін көпшіліктің алдында сөйлеу машығы да үйретілген болатын. Бұл бағытта Астанадан арнайы келген бизнес-тренер Серік Құмар өз жұмысын сәтті ұйымдастыра білді. Әр қатысушының мүйізді ірі қара өсіру, түйе, жылқы шаруашылығын дамыту немесе шағын және орта бизнесті кеңейту бағытында өзіндік жобалары бар.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521