Серпіле түскен абзал

(0 Votes)

Округ әкімі болып біраз жылдар жұмыс жасағанда аудан өмірінің жаршысы – «Серпер» газетімен етене жақын араластық.

Сөзіне сендік, өзін қолдадық. Шама – шарқымыз келгенінше аудандық «Серпердің», облыстық екі газеттің таралымы үшін жан ауыртып, жақсы сөз естіген күндеріміз болды. Қазірде басқа басылымдардан бұрын «Серперді» қолға алып, аудан өмірінде қандай шаралар өтуде, әттеген-айлар мен жетістіктер қайсы, бірде-бір хабарын қалдырмай оқып шығамын.

Жарнамалық қызметі де жақсы жолға қойылып келеді. Елге еңбегі сіңген азаматтардың бәрін бірдей тегін жариялауға мүмкіндік жоқ екені түсінікті. Сондықтан, өмірде бір келетін 50, 60, 70, т.б. мерейлі тұстарына ақылы негізде өмірбаяндық мақалалар ұйымдастыруды өз басым елге таныстыру, қазақтың тарихында қалдыру деп түсінемін. Өйткені, білетініміздей, «Серпердің» тігінділері еліміздің маңызды-маңызды тарихи орындарына сақтауға жіберіледі. Электрондық нұсқасы да жойылмайды. Кімдер бақилық өмірге көшіпті, қуаныш иелері кімдер, олар жайлы мәліметпен де аудандық газет арқылы танысу үрдісі қалыптасқан. Сондықтан, «Серперге» жазылуды тездетіп ұйымдастырып, алдыңғы межеден кемітпеген дұрыс. Біз өз кезімізде сөйттік. Енді жастарға ақыл айтып жатқанымызды ешкім айыптай қоймас. Өткен аптадағы ақпарға көңіл көншімеді.

Бас – аяғы бір ай шамасында газетке жазылу аяқталады. Бұл, маңызды науқанға мән бере түсу керек деген сөз. Кейбір округтерде бір-бір «Серперден» көрсетіліпті. Ұят емес пе? Мұндай жағдай ешқашан болып көрген емес. Сондықтан, «Серпер» деп серпіле түскен абзал. Осыны бүгін тізгін ұстап жүрген әріптестерімнің түсіністікпен қабылдауларын қалаймын.

Исабай Рысқалиев,

ұзақ жылдар Көптоғай ауылдық округіне әкім болған мемлекеттік қызметтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521