Серікбол «Серпер» сыйлығына ие болды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының тумасы, балалар жазушысы, журналист, республикалық «Айқын» газеті Бас редакторының орынбасары Серікбол Хасан журналистика аталымы бойынша «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.

Тарихи тамыры тереңнен бастау алатын бұл сыйлықты заманында ауданымыздан шыққан Алашқа аты мәлім ақын Жұмекен Нәжімеденов алған болатын.

Серікболдың тырнақалды туындылары мен мақалалары оның оқушы кезінде-ақ біздің «Серпер» газетінде жарық көре бастаған еді. Мектеп бітірген соң Алматыға аттанып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қабырғасында білім алды. Журналист мамандығын меңгерді.

Әр жылдары «Әдебиет айдыны», «Жас қазақ», «Ұлан» газеттерінде, «Шапағат-Нұр», «Ақ желкен» журналдарында қызмет істеген. Қазіргі таңда Астанада тұрады. Республикалық «Айқын» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары болып, абыройлы қызмет атқарып жатыр.

Серікбол өзінің фейсбуктағы парақшасында: «Құрманғазының «Серперін» тыңдап өскем. Журналистикадағы тұсауымды «Серпер» (Құрманғазы аудандық газеті) кескен. Оған міне, Алланың қалауымен, Жастар одағының "Серпер" сыйлығы (журналистика саласы бойынша) қосылып жатыр екен. Ыстық-ыстық құттықтауларыңыз үшін рахмет!» деп жазған болатын.

Әріптесіміз, жерлесімізді кеудесіне таққан алғашқы төсбелгісі – «Серпер» сыйлығымен құттықтай отырып, серперліктер атынан шығармашылық жолына толайым табыс тілейміз!

Серперліктер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521