Сенатор құрылыс нысандарын аралады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, аталған заң шығарушы орган жанындағы экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов ауданымызда болып, Ақкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Алдымен жақында ғана пайдалануға берілген әмбебап спорт алаңында болып, күтіміне қатысты сын айтты. Облыста мұндай кешен жоқ екенін жеткізген сенатор мұндағы орындығының арқалығын сындырып тастағанға, ішіне құм кіре бастағанына қынжылыс білдіріп, округ әкімінің міндетін атқарушы Руфина Хайрошеваға арнайы бөлінген адамның үнемі алаң басында болуын қадағалауды тапсырды. Ауылдағы ангар типтес денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын «Горизонт» ЖШС жүргізуде. Биыл қыркүйекте тапсырылады. Сенатор аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, Ақкөл ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Теңел Исмағұловпен бірге кешенді аралап, құрылыс жұмысының жүру барысымен танысты. Келесі кезекте ауылдағы мәдениет үйіне ат басын тіреген Сәрсенбай Құрманұлы әдіскер Жанат Сидеғалиевамен, қасына ерген, жоғарыда аты аталған азаматтармен әңгімелесіп, тоғыз жолдың торабында жатырған үлкен ауыл болғандықтан мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтып, қандай материалдық көмектер керегін сұрады.

img_3350

img_3368

Ауылдық округтегі мәдениет үйінде болған тұрғындармен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров ашты. Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов елімізде өткен Президент сайлауына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында айтылған кейбір іс-шаралар нақты жүзеге асырыла бастағанына, заң шығарушы органның жұмысына тоқталды. Еліміздің күре тамыры теміржолдың бойында орналасқан ауыл тұрғындарымен кездесу өткізуге мүмкіншілік жасаған аудан әкімдігіне, аудандық мәслихатқа ризашылығын білдірді.

img_3376

img_3391

img_3394

– Биыл менің Парламент депутаты болғаныма желтоқсанда 11 жыл толады. Сол уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлымен 7 жыл 4 ай Сенат депутаты ретінде қызметтес болдым. Ол кісі осы мерзімде 2 рет Сенат төрағасы болып сайланды. Өте терең білімді, сабырлы, салмақты, мәдениетті адам деп айта аламын. Талай рет ел ішіне, шет мемлекеттерге бірге бардық. Сол кезде өзге елдердегі дипломатиялық ортада үлкен беделге ие екеніне көзіміз жетті. Мәскеудегі әлемге танымал Халықаралық қатынастар институтын бітірген, бірнеше тілді жақсы меңгерген азамат. Орыс, қытай, ағылшын, итальян, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің қызметін Шығыс Азия елдерінде бастаған. БҰҰ төрағасының орынбасары, ұйымның Женева қаласындағы бөлімшесінің басшысы қызметін де атқарды. Бұл кез-келген адамға ұсыныла бермейтін өте жоғары лауазым. Сонымен қатар бір жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметін басқарып, сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы болып та жұмыс жасады. Елдің ішкі жай-күйін, заң қабылдау процесін, халықаралық қатынастардың қазіргі ахуалын, болашағын зерделей алатын адам ретінде ол кісінің Мемлекет басшысы болып сайлануы құптарлық іс деп есептеймін. Қ.Тоқаевтың алға қойып отырған басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту, табысын өсіру. Парламент алдағы уақытта оны жүзеге асыру бағытында заң жобаларын жасайды деген ойдамын, - деді сенатор

img_3405

img_3419

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521