Сенатор Қиғаш бойы тұрғындарымен кездесті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов аудандағы іссапары барысында Жасталап ауылында салынып жатқан 80 орындық Ш.Уәлиханов атындағы негізгі орта мектептің құрылысымен танысып, мердігер мекеменің өкілімен пікір алмасты.

Бұдан кейін Котяев ауылдық клубында өткен жиналысқа қатысып, Қиғаш бойы тұрғындарымен кездесті. Оған облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, мектеп директорлары қатысты. Аудан әкімі Бибоз Шаяхметов жиналыстың күн тәртібімен таныстырып, алғашқы сөзді сенатор Сәрсенбай Құрманұлына ұсынды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде жария еткен бастамалары мен тапсырмаларын негізгі 3 бағыт бойынша саралап, оған бөлінетін қаржыдан да хабардар етіп, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігіне, қабылданған заңдарға жан-жақты тоқталды. Жастарды кәсіпке баулу, қоғам талабына сай мамандықтарды игеру, өңірде шағын және орта бизнесті дамыту түйткілдерін қозғады.

Одан әрі сенатор тұрғындардың көтерген ұсыныс-тілектерін, өзекті мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар, балық шаруашылығы, түп тереңдету жұмыстарының түйткілді тұстары айтылып, әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмады. Қойылған сауалдар бойынша төралқадан орын алған Сәрсенбай Құрманұлы, аудан әкімі Бибоз Шаяхметов нақты жауаптарын қайтарды.

(Мақаланы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар)

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521