Сапалы қызмет сыпайылықтан басталады

Аудан тынысы

Мемлекеттік қызметті елге ерінбей еңбек ету, халыққа қалытқысыз қызмет қылу деп білемін. Сондықтан да мемлекеттік жүйені қалыптастыруда басым бағыттардың бірі де осы санаттағы қызметшілердің беделін көтеру, мемлекеттік қызметті нығайту болмақ. Бұқарамен берік байланыс орнатып, іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруда мемлекеттік қызметші әрдайым үлгі болуы тиіс. Қоғамдағы ролін жете сезініп, ортақ тіл табысуға талпынғандары жөн. Ол үшін қызмет этикасын сақтап, кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөліп, функционалдық міндетін жетік білуі шарт.

Мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін басшылыққа алып, өзінің мәртебесі мен беделіне лайықты болуы қажет. Лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және оны жеке басының пайдасына қолдануға жол беруге болмайды. Еңбекші ауылдық округінің мемлекеттік қызметкерлері бұл биік үдеден ұдайы көрініп келеді. Жұмыстан тыс уақытта да осы ережені бұлжытпай орындау біздерді абырой биігіне жетелейтіні анық. Тұрғындармен сыпайы сөйлесіп, келген шаруасын уақыт оздырмай бітіріп беруге тырысу жұмысқа деген ынта-жігерімізді айқындайды. Салмақты ұстап, сабырлылық таныту, жаман әдеттен бойды аулақ ұстау да қызмет кретерийлерінің бастысы. Кодексте көрсетілген қызметшіге сай болсақ мерейлі міндетімізге лайықты болғанымыз деген ойдамын.

Г.ИМАМҰРАТОВА,

Еңбекші ауылдық округінің бас маманы.