«Samğay» жобасының тренингі

(0 Votes)

Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен халықаралық және аймақтық тренерлер Асылжан Ибатқызы, Рүстем Темірғалиев, Айбарша Сағынғалиқызы ауданымызда "Тренерлердің оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты еңбек ету құзыреттіліктерін дамыту" атты тренинг ұйымдастырды.

Оның ашылуында аудандық Жастар ресуртық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев «Samğaу» жастарға үлкен мүмкіндіктер беретін бірегей жоба екенін атап өтті.

img_2443

Атырау қаласынан келген аймақтық тренер Айбарша Сағынғалиқызы өз сөзінде: - 2019 жылдың маусымында БҰҰ Балалар қоры серіктестері бірлесе отырып, жасөспірімдер мен жастардың оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты еңбек ету дағдыларын дамыту бағытында «Samğay» жобасы қолға алынды. Атырау облысындағы әрбір жастың түгелдей оқумен немесе жұмыспен қамтылуы мақсатын көздейді. Жобаға мейлінше алыс өңірлердегі 14 пен 29 жас аралығындағыларды тартуға тырысамыз. Бірінші кезеңде Атырау облысы бойынша жалпы саны 21 аймақтық тренер даярланды, екінші кезеңде ауылдық тренерлерді оқытып шығарамыз. Курсты аяқтағандар сертификат алған соң жастармен жұмыс жасап, оларға жетекші бола алады. Дәріс алты күндік тренингтен және жиырма күндік жұмыстан тұрады. Бізге 28 тренерді дайындау жән еоларды бағыттау жүктелді, - деді.

img_2473

img_2485

Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521