СҰЙЫҚ АСФАЛЬТТЫҢ ӨЗІН ҚҰЙЫП...

(0 Votes)

Котяев-Шортанбай тас жолы құрылысымен мердігер мекеме «Қарасай строй сервис» ЖШС айналысуда. Мердігер мекеме өкілі Марлен Жұмағалиевтің айтуынша бұл жолдың ұзындығы 12 шақырым.

Ауыл ішінде ені 6, сыртында 7 метр болып салынуда. Былтыр 2200 метрі жасалған. Қазір 9 шақырымының топырағы көтеріліп қойылған. Енді қалып тұрғаны 4 шақырымы мен жол жиектерін жасау. Келесі айдың аяғына дейін аяқталады. Аудан басшысы өтіп бара жатып, жасалып жатқан жұмысты өз көзімен көре кеткенді жөн санады. Жол құрылысындағылар Орал облысының жігіттері екен. Олар топырақтың үстіне қиыршық тас төсеместен сұйық асфальтті құйып, тегістеп жатқан болып шықты. Мұны көрген аудан әкімі Қайрат Талапұлы техникалық қадағалаушыға жұмысты тоқтатуға нұсқау беріп, қайта жасатуды міндеттеді.

img_4113

Сапар барысында аудан башысы мердігерлер «Сине Мидас строй», «Бекет Сәт жол» салып жатырған Ақтөбе-Атырау-Астрахань және ауыл ішілік тас жолдарда болып, жұмыс барысын көрді. Көпір құрылысымен айналысып жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті. Биыл атқарылатын жұмыстар жөнінде қысқаша сұхбат беруін сұраған өтінішімізді құп алған Қайрат Талапұлы: – Бүгінде аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолы. Бекітілген кестеге сәйкес жұмыс қарқынды жүруде. Үш білім ордасы, Манаев, Алтынсарин, Нұржау орта мектептері бойынша мердігер мекемелер анықталды. Оларға қойып отырған басты талабымыз 1 қыркүйекке дейін мектептің ішкі жұмыстарын бітіріп, содан кейін келісімшартқа сәйкес қалғанын аяқтау. Осыған қоса Ақкөлде салынып жатқан балабақша биыл күзде аяқталып, толықтай пайдалануға беріледі. Бұдан басқа Ғизат Әліпов, Жасталап ауылдарындағы мектептер де биыл тапсырылады.

img_4119

img_4121

Аудан көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Жасталап-Жыланды, Котяев-Шортанбай, Құрманғазы ауылының, «Атырау көлік» мекемесі жасап жатқан Теңіз, Котяевка ауылдарының ішкі жолдарын аяқтап, пайдалануға беру де көзделіп отыр. Сафон, Бірлік ауылдарындағы ішкі жолдар, Құрманғазы-Бірлік тас жолының жұмыстары биыл жалғастырылып, келесі жылы бітеді. Бұдан басқа бізде биыл жүзеге асырылып жатқан облыстық маңызы бар 7-ші бекет-Балқұдық-Сүйіндік жолының мердігері анықталды. Оның бойындағы 11 сорды жөндеу жұмыстарын бастап және сонымен қатар 36 шақырымына орташа жөндеу жүргізудің ЖСҚ-ын жасап, келесі жылы жүзеге асыру жоспарланған.

img_4126

Жапырық ауылына баратын жол қазіргі қолданыстағы заңдылықтарға сай емес, көпірден түсе бере жасалғандықтан орнын өзгертіп жатырмыз. Негізгі жолын түріктің «Сине Мидас строй» мекемесі, қалған бөлігін ішкі жолдармен айналысып жүрген мердігер жасап, биыл толықтай бітіреміз. Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік үйдің де құрылысы бітіп, қабылдау-тапсыру жұмыстары жасалуда.

img_4142

Сонымен қатар аурухана құрылысы да күзде аяқталады. «Қиғаш-Маңғышылақ» су құбыры арқылы таза сумен қамту жұмыстары да өз дәрежесінде жүруде және Ақкөл ауылының ішкі жолының мердігер мекемесі анықталды, ол да биыл басталады, - деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521