Құрылыста қолтаңбасы бар

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан көлемінде мектептер, балабақшалар жөндеп, жаңасын тұрғызып, жолдарды қаліпке келтіріп, газ тартып, ғимараттар салумен айналысып жүрген ЖШС, АҚ өкілдерімен, ауданның ардагер және бүгінгі құрылысшыларымен салтанатты қабылдау мәжілісі өткізілді. Бұл шара аудан әкімі Бибоз Шаяхметовтың құттықтау тілегімен басталды.

Облыс орталығында да құрылысшылар күніне арналып үлкен салтанатты мәжіліс өткізілді. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы өңірімізде тұрғызылып жатырған құрылыс жұмыстарына жоғары баға бере келе, салада үздік шыққандарды марапаттады. Олардың арасында құрманғазылықтар да болды. Мәселен, ардагеріміз Талғат Жаудин «Үздік сәулетші» төсбелгісін өңіріне тақты.

Аймақ басшысы алғашқы күндерден 19 ауылдық округтер мен 49 елді - мекендерді аралап, аудан тұрғындарының зәру мәселелерін зерделеді. Нәтижесінде мектептер, балабақшалар, жолдар жөнделіп, қайсібірі тыңнан бой көтеріп, Азғыр өңіріне газ тартылып, Қиғаш арнасы тереңдетіліп, ауданда үлкен өзгерістер жүзеге асу сәтінде. Мұның бәрін атқарып келген осы отырған сіздер және сіздердің әріптестеріңіз. Сондықтан, тағы да мерекелеріңіз құтты болып, бейнеті шаш етектен еңбектеріңізден абырой мен мәртебе еншілей беріңіздер, - деді аудан әкімі. Одан әрі аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов сөйледі.

- Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы 1 қабатты, 3 бөлмелі 10 үй және 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрғандар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтылды. Биыл тағы да бір 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы «НКОК Н.В» компаниясы арқылы басталды, құрылыс-монтаж жұмысын «ГазСтройМонтаж KZ» ЖШС-гі жүргізіп жатыр, 60 пәтерлік бір үйдің, Орлы ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлеріне арналған 2 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жұмыс жобалары дайын. Аудан орталығында екі балабақша пайдалануға беріліп, 75 орындық аурухана құрылысы басталды.

Приморье ауылында 300 орындық («Бек и Ко» ЖШС-гі), Жасталап («Мұнай Автоматика Сервис LTD») ЖШС-гі, (Қызыл оба «Бек и Ко») ЖШС-гі және Жалғызапан ауылдарының әрқайсысына 80 орындық («Атырау ЖБИ») ЖШС-гі мектеп, Ақкөл ауылында 290 орындық балабақша («Мұнай Автоматика Сервис LTD») ЖШС-гі, Ақкөл ауылында спорт кешені («Горизонт-С») ЖШС-гі, Орлы ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт («Бек и Ко») ЖШС-гі құрылыстары салынуда. Азғыр, Бірлік, Теңіз, Көптоғай, Байда ауылында клуб ғимаратының құрылысына, Хиуаз ауылына 140 орындық балабақша мен музыка мектебінің құрылысына жобалау-сметалық құжатының байламы, Ганюшкин ауылындағы Бұзаусылан өзегі арқылы, Шортанбай-Жыланды елді - мекендерін қосатын Шора өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Сонымен қатар, мердігер мекеме «ҚазСтрой ЛТД» ЖШС-мен Азғыр аймағына газ желісі жүргізілуде. Құрманғазы ауданындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғайтын бөгет салу және реконструкциялауды «Декро» ЖШС-гі атқару үстінде.

Қазіргі уақытта Құрманғазы ауылындағы су желісі «Болат-Д» ЖШС-гі, Ақкөл ауылындағы су тазарту қондырғысын (СТҚ) реконструкциялауды «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС-гі, Жұмекен ауылындағы Дәулеткерей, Көнеу елді мекендерінде ауылішілік су құбыры желісінің құрылысын «Бек и Ко» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Міне, осы сияқты ауданның көркейіп, дәулетіне сәулеті сай болуына құрылысшылардың сіңіріп отырған еңбектерінің зор екендігін білеміз. Сіздерді мерекемен қайыра құттықтап, мықты денсаулық, отбасы амандығын, өндіріс көлемінің көбейіп, табысты еңбек болуын тілеймін,- деді аудан құрылысының басшысы. Одан әрі, саланың бір топ озаттары аудан әкімі Б.Шаяхметовтың қолынан облыстық құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің Алғыс хаттарын иеленді. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Сүндетов өз атынан аудан өңірінде жұмыс жасап жатқан түрлі серіктестіктер, АҚ басшыларының еңбегін Алғыс хатымен атап өтті. Ардагер құрылысшы, белгілі кәсіпкер Ө.Дайынов, аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Ж.Ғұмаров, сала ардагерлері Қ.Садихов, М.Матыбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасанов әріптестерін құттықтай келе, өздерін толғандырып жүрген ойларын ашық айтып, қабылдау мәжілісінің тиімділігіне жоғары баға берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521