Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, аудан тұрғындары!

(0 Votes)
Сіздерді Құрманғазы ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасын дамытудағы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудағы рөлі өте зор. Халықтың бақуаттылығы мен әл-ауқатының деңгейі көп жағдайда ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің ерен еңбектерінің нәтижесі. Біздің ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы да күннен-күнге дамып, өз нәтижелерін беруде. Ол ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері еңбектерінің өз істеріне деген жоғары жауапкершілігінің арқасы деп білеміз. Бүгінгі мереке күні қажырлы еңбегімен ел байлығын еселеген саланың еңбек ардагерлеріне, малшыларға, дихандарға, теңіз тарландары - балықшыларға, механизаторларға, өндіріс басшылары мен мамандарына, баршасына ауыл шаруашылығы саласындағы зор еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Алдағы уақытта да Сіздердің Ел абыройын асыру, аймақты жетілдіру мен дамытудың негізі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласының одан әрі дамып, мемлекетіміздің ауылды өркендету саясатын қолдап, ел игілігі үшін қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіремін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көріп, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектестік білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен бақытын тілеймін. Құрметпен, Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Талапұлы Сәуменов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521