«Құрметті ардагер» атанды

Аудан тынысы

«Құрметті ардагер» атанды Облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтіп, оны кеңес төрағасы Қатимолла Ризуанов ашып, жүргізді. Облыс өңіріне еңбегі сіңген елеулілерге және мерейжас иелеріне құрмет көрсетілді.

Біздің ауданнан ұзақ жылдар қой фермасын басқарып, аудан, облыс экономикасының өрлеу жолына атсалысқан Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өтеулі Хасановтың еңбегі де дәріптелді. Өтекеңнің зейнетке шыққан соң да әлі күнге дейін Мақаш ауылдық округінің ардагерлер ұйымын басқарып отырғаны, облыста тұңғыш рет округ жанынан ардагерлер мұражайын ашқаны, ол республикаға дейін үлгіге ұсынылғаны Қатимолла Ризуанов ағаның лебізімен көңіл толқытарлықтай деңгейде айтылды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің басшысы, өзі де аузы дуалы ақсақал Қатекең аға Өтеулі Хасанов ақсақалдың кеудесіне ҚР «Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

Т.Тасмұханов.