Құрманғазылық жастар қолдау білдірді

(0 Votes)

Егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған жаңа Жолдау жер-жерде, барлық қоғамдық орындарда қызу талқылануда.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өткен басқосуда құрманғазылық жастар Жолдауға қолдау білдірді. Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Бисенғалиев маңызды құжаттың аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде ой бөлісіп, түрлі салада еңбек етіп жатқан жас мамандарға сөз кезегін ұсынды. Аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы Қайыржан Бауыржанұлы, Ақкөл жалпы орта мектебінің мұғалімі Аида Серікқызы, АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі Жалғас Сдыхов, аудандық емхананың статист дәрігер маманы Нұргүл Орынбекқызы Елбасы Жолдауында көтерілген жастар саясаты, білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау бағытындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, Мемлекет басшысы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялануына орай ауданымызда осыған байланысты жүзеге асатын ауқымды шараларға құрманғазылық жастарды белсенділік танытуға шақырды.

Орлы ауылдық округ әкімдігінің спорт нұсқаушысы Әнуарбек Қартжанов жергілікті жастарды жұмыспен қамтудың жай-күйі, емханадағы кейбір дәрігерлердің алдына барған ауру адамға жылы қабақ танытып, мейірімділік көрсетпеуі, ауылдық округте заңдылыққа сай мерзімі өткен тәртібі жақсы жастардың пробациялық есептен шыға алмай жүргендігі туралы мәселелерді көтерді. Әр сала мамандары қойылған сұрақтар төңірегінде нақты жауаптарын қайтарды. Аудандық мәслихат депутаты Линда Мұстахимова келер жыл «Жастар жылы» болып белгіленуі өңіріміздегі жастар саясатының жаңаша дамуына игі әсер ететінін тілге тиек етіп, Елбасы Жолдауындағы бағдарланған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өз үлесін қосу қажеттігін айтты. Басқосуды орталық басшысы Н.Бисенғалиев қорытындылап, жастарды жан-жақты қолдау бағытында келер жылы жүргізілетін түрлі іс-шараларды жаңаша форматта ұйымдастыру үшін әркім өз идеясын ұсынуына мүмкіндігі бар екендігіне тоқталып, бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521