Полиция қызметкерлерімен кездесті

(0 Votes)

Мектебімізде ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы қатыгездік пен қорлауға құмарлықты болдырмау мақсатында АІІБ ЖПҚБ ЮПТ қызметін ұйымдастыру жөніндегі инспекторлары Ринат Мұқашев, Дина Қаратаева және Нұржау ауылдық округінің учаскелік инспекторы Батырхан Темірғалиевпен кездесу өткізілді.

Оны мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Әнесов ашып, балалар мен жасөспірімдер арасында қатігездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде еліміздегі ахуалдан хабардар етті. Одан әрі кездесу қонағы Р.Мұқашев Панфилов мектебіне инспектор болып тағайындалғанын жеткізіп, енді оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын айтты.

Полиция уәкілі Д.Қаратаева мектеп формасын сақтамаған, себепсіз сабақ қалдырғандардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылатынын ескертті. Учаскелік инспектор Б.Темірғалиев жасөспірімдерге түнде жүруге тыйым салынатындығын тағы да қаперге берді. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді мектеп директоры Бауыржан Мусаев қорытындылап, түсінік жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Соңында олар Жамбыл ауылындағы дүкенге рейд жасап, кәмелетке толмағандарға темекі, ішімдік сатуға болмайтынын ескертті.

Ә.Хамзин,

Панфилов атындағы жалпы орта мектептің ұлдар ұйымы жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521