«Пікірсайыс сізге не береді?»

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жеті жарғы» қоғамдық қорының директоры, республикалық пікірсайыс турнирінің чемпионы Абылай Құрметұлы «Пікірсайыс сізге не береді?» тақырыбымен шеберлік сыныбын өткізді.

Мақсаты – пікірсайыстың қыр-сырларымен танысу, жастардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шешендік өнерге баулу. Шеберлік сыныбына қатысқан жастар арасында пікірсайыстың өту үлгісін көрсету бағытында шағын дебат ойнатылды. Оның барысында А.Құрметұлы орын алған қателіктерді түзеп, дұрыс жол көрсетіп отырды. Жастар да өз ой-пікірлерін, көзқарастарын білдірді.

Шара соңында жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев келген қонақтарға зор ризашылығын айтты.

Дархан Ерғазиева,

орталықтың маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521