Партия беделі белсенділікпен келеді

(1 Vote)

Жолдауға С.Көшебаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының кезекті ХХVII есептік-сайлау конференциясы өтті.

Оны филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. Мандат комиссиясының төрағасы Наурызбай Бисенғалиев конференцияға 293 делегат қатысып отырғаны, олардың сапалық құрамы жөнінде хабарлама жасады. Мінберге көтерілген аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған міндеттерді қаперге беріп, Мемлекет басшысы бастамаларына қолдау білдірудің маңыздылығын алға тартты.

Келесі кезекте партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев 2017-2018 жылдар аралығында атқарған жұмыстарды Лед-экран арқылы қатысушы делегаттардың назарына ұсынды.

–Құрманғазы аудандық партия филиалы, оның Саяси Кеңесі мен Бюросы Елбасының тапсырмасын, партияның басты мақсаттары мен міндеттерін және партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы атқарған жұмыстарын саралап, төмендегідей іс-шаралар жүргізілді. Аудандық филиалда бұл жұмыстарды ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі күні партияның 2710 мүшесі бар. 21 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды.

2018 жылдың 10 айында 5 млн. 156 мың 404,77 (жоспары 4 млн. 948 мың 857,56) теңге жарна түсіп, жоспар 104,2 пайызға орындалды. Құрманғазы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2018 жылдың 10 айында 271 азамат өтініш білдіріп, оның 64-і оң шешімін тауып, 207 адамға заңды түсінік берілді. Қоғамдық қабылдауды жасалған кесте бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, партия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен құқық қорғау органдарының басшылары өткізді. Бұдан басқа, аудан бойынша бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары өздерінің сайланған ауылдық округтерінде және филиалдың партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы төрағаларының жеке қабылдауларында 2018 жылдың 10 айында 264 адам жеке шаруаларымен қабылданды.

Партияның әлеуметтік топтардың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам», «Жастар Отанға», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партия жобалары негізінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, құқық қорғау органдарымен бірлескен түрде көптеген шаралар жүзеге асты, – дей келе олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, фракция, партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Жарыссөзде аудандық мәслихат депутаты Линда Мұстахимова ел игілігіне бағытталған Жолдаудағы ауыл халқының өмір сүру сапасына әсер ететін бірқатар әлеуметтік шараларға тоқталып, Елбасы ұсыныстарының жүзеге асуына үлес қосу баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін жеткізді. З.Серікқалиев атындағы жалпы орта мектептің директоры Қабдрахим Бисенғалиев білім ошағында партиялық жобалар аясында жүргізілген игі шараларды тілге тиек етіп, партияның жұмысына оң бағасын берді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы есеп және статистика бөлімінің сектор меңгерушісі Ақынжан Құсайынов Саяси кеңес, Саяси кеңес бюро мүшелері құрамын қайта сайлау бойынша кандидатуралардың тізімін оқып, ол делегаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды. Одан әрі аталмыш партияның Атырау облыстық филиалының кезекті ХХVIIІ есептік-сайлау конференциясына делегат сайлау туралы хабарлама тыңдалды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521