Озаттар ұлығыланған күн

(0 Votes)

«Балықшылар кәсібі – еселі еңбек нәсібі» атты мерекелік шараны Болат Бидоллаев пен Рүстем Тоқаев жүргізді.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы құттықтау сөзінде: – Балық шаруашылығы біздің ауданымыздың тарихындағы шежіреге толы жолы бар айтулы саланың бірі. Өңіріміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға, соның ішінде еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта қажырлы күш-қайраттарыңызды, білімдеріңіз бен іс-тәжірибелеріңізді, қабілеттеріңізді халық игілігіне жұмсап келгендіктеріңіз баршамызға аян. Ауылшаруашылығы саласының, соның ішінде балық өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрсіздер. Осы балық аулаудағы сіздердің қысы-жазы суыққа да, ыстыққа да төзіп, төккен терлеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, - деп сала үздіктерін ұлығылады. «Каспий таңы» ӨК, «»LTD Шәмші Сүлейменов» ЖШС балық қабылдаушысы мен балықшысы Хамидолла Теміров, Аманжол Химиденов, сала қызметкері Берік Дүйсәлиевке облыс әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Еңбектері еленген сала ардагері Қымбат Ниғыметова, қызметкерлер мен балықшылар Орынғали Абдолов, Айман Хамзаева, Анатолий Ухов, Хамидолла Сейтеков Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасын, ардагерлер Сәния Теміртасқызы, Ғазим Кангерейұлы, балық шаруашылығында жұмыс жасап жүргендерден Сайлау Балмолдаұлы, Ақылбек Жұмағалиев, Ақылбек Ізтелеуов, Алексей Купцов, Аман Салимов, Болат Рахметов, Жексенбай Үмбеталиев, Эдуард Кулекешов аудан әкімінің алғыс хатын алды.

i

i

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов сөйлеп, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің құттықтауын оқып, облыстық мәслихаттың алғыс хатымен Михаил Чижиковты, Әділбек Сейітжановты, Әділ Есбергеновті, Ерсайын Айтимовты, Жасқайрат Шапихановты ұлығылады. Сала ардагерлері мен қызметкерлерінің бір тобына аудандық мәслихаттың алғыс хаты мен құттықтауын табыстады.

i

i

i

i

i

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Жұмазия Есімова балықшыларды мерекемен құттықтап, бұл саланың өңірімізде алатын орны зор екеніне тоқталды. Одан әрі марапаттау рәсімін жасап, ардагер Саясат Зұлқарнаевтің өңіріне «Балық шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін тақты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін «Каспий-Балық», «Каспий таңы» ӨК директорлары Жұмажан Шакупов пен Бақыт Теміров иеленді. Сонымен қатар салалық кәсіподақтың І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен балықшылар Қайрат Абенов, Халилолла Ахметов, Жасұлан Қодаров, Жеткіншек Ермұханов, Рабил Салимов, ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Зұлпыхар Исмахов ұлығыланды. Мерекелік шара барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев құттықтап, атақты балықшылардың ұрпақтары, ата дәстүрін жалғастырып жүрген Бақытбек Иманов пен Сержан Распековті алғыс хатпен ұлығылады.

i

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521