Отыз алты жасөспірім келтірілді

(0 Votes)

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасына Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының №311 санды бұйрығына сай аудандық ІІБ-нің барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды.

Оны өткізу кезінде түнгі ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерге баруын болдырмау мақсатында түнгі ойын-сауық мекемелері толықтай тексерілді. Жасөспірімдердің көп шоғырланатын орындары кафе-барлар, тойханалар, мейрамханалар және бильярд клубтары, яғни түнгі ойын-сауық мекемелері араланды. Осы жұмыс барысында ішкі істер бөліміне барлығы 36 жасөспірім келтірілді. Іс-шара барысында 35 әкімшілік құқық бұзушылықтары анықталып, заңдылыққа сай шаралар алынды. Ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесіне ҚР ІІМ-нің №1098 бұйрығына сай, әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін және басқа да себептермен 2 ата-ана қолайсыз отбасы ретінде есепке алынды. «Жасөспірім» жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасы барысында кәмелетке толмағандармен жасалатын және оларға қарсы қылмыстарға жол берілген жоқ.

Ж.Бектеміров,

Құрманғазы АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның қызметін ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы,

полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521