Отбасылар сайысы

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Үлгілі отбасы - Отан тірегі» атты аудандық отбасылық байқау өтті.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұлттық салт-дәстүрді, ұлтын, елін, тілін сүйетін ұрпақ тәрбиелейтін отбасыларды көпке үлгі ретінде насихаттау мақсатында «Үлгілі отбасы – Отан тірегі» атты аудандық отбасылық байқау өтті. Байқауға аудан бойынша үш-ақ ауылдық округтен қатысқанымен, ол тартысты әрі қызықты болды. Байқауда ардагер ұстаз, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Жаннат Құрманғалиева, Атырау облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы ауданы бойынша сарапшысы Гүлден Ибрагимқызы және облыстық «Келіндер сайысының» ІІІ орын иегері, қазылар алқасының мүшесі Майра Рахметоллақызы қазылық етті.Аудандық бұл байқауға Мақаш, Еңбекші және Дыңғызыл ауылдық округтерінен келген отбасылар қатысты. Ол 4 кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде әдеттегіше, келген қатысушылар өздерін жан-жақты таныстырды. Екіншісінде («Ой толғау») отағасы немесе отанасы шығып, тәрбие, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр сонымен қатар ана тілі жөніндегі сауалдарға өз ойларымен, тіл шеберліктері, ой ұшқырлығын таныта отырып, жауап берді. Ал үшінші кезеңде («Өнерліге өріс кең») барлық отбасы түрлі жанрда өнер көрсету арқылы сынға түсті. Соңғы төртінші кезеңде («Ұяда не көрсең...») отбасындағы қазақ тілінің, қазақ мәдениетінің, тарихының насихатталу сәттерінен слайд, альбом және бейнеролик көрсетті.

Нәтижесінде, Мақаш ауылдық округінен келген Нұрғожиндер отбасы өздерінің ой зеректігімен алға шығып, «Білімді отбасы» деген номинациямен, Дыңғызыл ауылдық округінен келген Ходановтар отбасы өнер сайысында өздерін жоғары деңгейде көрсетіп «Өнерлі отбасы» номинациясымен, ал барлық жағынан көпке үлгі бола білген және байқаудың әр бөлімінде өздерін жоғары деңгейде көрсете білген Еңбекші ауылдық округінен келген Сариевтер отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды.

Гүлбақыт ЕРМҰРАТОВ

А С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521