«Отбасы – бала тәрбиесінің басты ұясы»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бала тәрбиесінің басты ұясы» атты ата-аналар конференциясы өтті.

Алдымен түрлі жетістіктерді бағындырып жүрген, «Мөлдір бұлақтан» байқауының жеңімпаздары болған жас отбасылардың, атқа міну мәдениетін, өнерді насихаттаған шаңырақ иелерінің бұрыштары таныстырылды.

«Бала – бауыр етің», «Бала – біздің болашағымыз» деп ұрандатып жатамыз. Әйтсе де, бала тәрбиелеуде осал тұстарымыз да аз емес. Осы тұрғыда зал толы көрермен мектеп ұстаздарының әзірлеген сахналық көрінісін тамашалады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаеваның баяндамасы тыңдалды. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, ардагер-ұстаз Шаттық Сәрсекеева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенованың тәлімі мол, тағылымы зор, ғибрат аларлықтай ой-пікірлерімен бөлісті. Конференция барысында облыстық, республикалық деңгейде танылған мектеп әкімшілігінің ата-аналар, оқушылармен біріккен игі жобалары таныстырылды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521