«Қорғаным өзің деймін...»

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы болып табылатын әкелер семинары өтті.

Оның аясында «Әке – отбасы қорғаны, бала – оның тірегі» атты тренинг, «Менің отбасым – менің қуанышым» коучингі ұйымдастырылып, әкелер мектебінің 2017-2018 жылдардағы жұмысы туралы мәселелер қамтылды. Білім ошағының директоры Г.Қалиева бала тәрбиесіндегі әкенің рөліне тоқталып, қонақтарға қош келдіңін айтты. Одан әрі психолог А.Нұрмағанбетованың жүргізген тренингі қатысушылардың көңілінен шықты. Әкелерді үш топқа бөліп, әрқайсысына тапсырмалар мен ситуациялық сұрақтар беріліп, пайдалы ақыл-кеңестер ұсынылды. Әкелер кеңесінің төрағасы А.Зұлхаров мектепте «Ұлағат» әкелер клубы ашылғанынан хабардар етіп, кеңестің ережесіне сәйкес арнайы бағдарлама бойынша түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын қаперледі. Атап айтсақ, бүгінде «Ізгіліктің нәрін төккендер» қайырымдылық шарасы, «Мектеп – бала үшін жаңа өмір» педконсилиумы, «Тәртіпке бас иген құл болмайды» іскерлік шоуы және «Толағай» спорттық жарысына әкелер белсенділікпен қатысты.

Аудандық «Отбасы – бақыт мекені» байқауында Салиховтар отбасы ІІ орынды иеленсе, әкелер сайысында Н.Жұмарыстанов ІІІ орынға қол жеткізді. Облыстық әкелер слетіне қатысқан С.Елемесов «Үздік әке» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. «Қазақ баласы осындай» атты аудандық ұлдар байқауында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Н.Марданов ІІІ орыннан көрінді. Семинарда осы жетістіктерден көпшілік хабардар болып, ардагер ұстаздар өздерінің тақырыпқа орай ой-пікірлерін ортаға салды.

Зайыр Хидуллин,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521