Он бес «Серперге» жаздырды

Аудан тынысы

Ұлан Иманғали Бірлік ауылында тұрады.

Атырау университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітірген. Бұл күндері ол туып өскен мекеніндегі Имашев атындағы орта мектепте төл мамандығы бойынша шәкірттерге дәріс береді. Біршама туындылары аудандық «Серпер» газетінде әр жылдары жарияланып, тұсауы кесілді.

Бұған қосымша Ұлан Иманғали ерекше емшілік қасиетімен маңайды мойындата бастады. Сынған, желіккен жандарға ем дом жасамаса, өз жағдайының қиындап, әбігерге түсетінін, маңайындағы адамдар, көрші-қолаң, әріптестері жақсы біледі. Қазіргі шақта ұстаздығына қосымша кәсіби емші ретінде өзін әбден дәлелдеп үлгерді. Жақында ол ерекше қасиет иелерін сараптау орталығының барлық сынақ-сауалдарынан іркілмей өтіп «Қазақстанның халық емшісі» атанды.

Ұлан бауырымызды жанымызға жақын жүретін сыйласымыз әрі әріптесіміз ретінде осы атағымен құттықтап, туған халқына емшілігімен де қалтқысыз қызмет етіп, абырой мен құрметке бөлене беруіне тілектестігімізді білдіреміз. Ұлан жақында редакцияға келіп Ораза айындағы сауапты ісімнің бірі болсын дей келе, жағдайы кемшін 15 адамды «Серперге» екінші жарты жылдыққа жаздырып кетті. –Жазылу мерзімі аяқталғанша тағы бір соғып, бұл көмегімді одан әрі жалғастырамын,-дейді ол. Арамызда тістің суындай Ұлан Иманғали сияқты елін ойлаған, жұртын сыйлаған сирек кездесетін жастар да бар. Оған екі дүниенің бірдей рахатын көруді тілейміз.

Редакция