Облыстық мәслихат депутаты тұрғындармен кездесті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Атырау облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Зиноллаұлы Зинуллин аудан тұрғындарымен кездесіп, мәслихат қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарды саралады.

Оған аудан әкімі Бибоз Шаяхметов, облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асан Нұрғалиев, мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, депутаттар, кейбір бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жиналысты аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Мінберге көтерілген облыстық мәслихат депутаты Ө.Зинуллин облыс көлемінде атқарылып жатқан іргелі істерді қаперледі. Одан әрі, халық қалаулысы ел өміріндегі өзекті мәселелерге тоқталып, Атырау облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын хабардар етті.

Жарыссөзде тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмекті тұрақтандыру, туберкулез ауруының алдын алу, дәрігерлердің жетіспеушілігі, Жайықтағы балықтардың қырылуы, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы жөнінде сұрақтар қойылып, белгілі спорт шебері Жорес Ысқақовқа ауданның Құрметті азаматы атағын беру, спорт кешенін оның есімімен атау туралы ұсыныстар айтылды.

Кездесу бұдан әрі ертең Теңіз, Мақаш ауылдық округтерінде жалғасын табатынын қаперге береміз.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521