Қоғамдық әкімшілік ғимарат ашылды

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округіндегі 2014 жылдан бері бос тұрған дәрігерлік амбулаторияның ғимараты қоғамдық әкімшілік орын болып қайта ашылды.

Шараға жиналған ауыл үлкендерінің алдында округ әкімі Олжас Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, ғимарат әкімдіктің теңгеріліміне алынғаннан кейін, оған жеңіл жөндеу жүргізілгенін алға тартты. Мұнда клуб қызметкерлері, ардагерлер кеңесі, ауыл имамы, учаскелік полиция инспекторына орын берілгенін қаперледі. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиев округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылып жатқан игі іске қуанатынын жеткізді. Ғимараттың бір бөлігіндегі 4-5 бөлмеден тұратын орын клуб қызметкерлеріне арналған. Өйткені, 2013 жылы апаттық жағдайдағы мәдениет үйі бұзылғаннан кейін, мамандардың осы уақытқа дейін жұмыс жасауына толыққанды жағдай жасалмады. Сондықтан, саз мектебінің бір бөлмесінде ғана отырып келген клуб қызметкерлері үшін бұл – күтпеген жаңалық болды.

Ашылу салтанатында лента қию рәсімі ауданның Құрметті азаматы Абдолла Күзембаев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиевке ұсынылды. Одан әрі шара «Медет» тойханасында жалғасын тапты. Онда округ әкімі О.Тәжібаев ауданымыздың 90 жылдығына орай аудан әкімінің алғыс хатымен еңбек ардагерлерін марапаттады. Аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Құсайынов мерейлі жасқа толған зейнеткерлерге құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстап, ардагерлер бөлмесіне өз атынан теледидар сыйға тартты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев ардагерлер бөлмесі үлкендердің өзара араласып отыруына қолайлы орта болатынына, мұнда бас қосқан жиындардың өзі жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен септігін тигізетініне сенетінін жеткізді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова жүрекжарды лебізін білдіріп, ауыл тұрғындарын олар үшін қызмет ететін орынның ашылуымен құттықтады. Шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521