Нотариустағы жаңа қызмет

(0 Votes)

Нотариусқа жаңа өзгертулер енді. Енді нотариус - атқарушылық жазбаларды жасайды. Бұл нотариаттық іс- әрекеттердің жаңа түрі.

Бұдан әрі нақтыласақ, жаңа заңға сай, енді еңбек ақы, коммуналдық қызметтер, несие қарыздар, алимент және тағы басқа берешектерді өндіріп алумен, меншік құқығын қорғау туралы арыз-шағымдармен нотариустар айналысады. Мұндай жағдайда азаматтар мемлекеттік баж салығын төлемейді. Ең бастысы, уақыттарын үнемдейді. Себебі, қарыз алған адам мойындап тұрса, нотариустың жазуы арқылы бекітіліп, қарыз қайтарылады. Сотта мұндай істер екі айға созылса, нотариус екі күнде шешіп, орындауға жібереді. Азаматтар атқарушылық жазбаға қарсылық білдіре алады. Яғни, он күн ішінде келіспеу себептерін көрсетіп, күшін жоюды талап етуге құқылы. Атқарушылық жазбаның күшін жоюға 3 күн беріледі. Күші жойылмаған атқарушылық жазба сот тәртібімен дауланады.

Нотариустар пайыссыз, негізгі қарызға қатысты берешекпен айналысады. Нотариустардың қызметіне ақы төлеуге келсек, бұл мөлшер заңда жеке тұлғалар үшін 0,2, ал заңды тұлғалар үшін 1 пайыз болып белгіленді. Жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талаптарда шығын 0 пайыз. Осылайша, азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың әлеуетін пайдалануы азаматтық айналымға қатысушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мерзімін едәуір қысқартады.

А.Даргужина,

Құрманғазы аудандық әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521