Өнертапқыштығым – елге пайда

(0 Votes)

Жастар жылының ашылу салтанатын онлайн түрде тікелей тамашаладық.

Бүгінгі Қазақстанның бетке ұстар жастарының мінберге шығып, өз жетістіктерін жариялағаны жанымызды жадыратты, көңілімізді серпілтті. Елбасымыз бұрыннан да студенттерге үлкен қамқорлық жасап келеді.

Cалтанатты жиында Елбасымыз Қазақстанда колледждер саны жылдан-жылға өсіп отырғанын жеткізді. Оларда 155 мың жас мамандық алып шыққан. Осыны замандастарымыз қаперге алса дейміз. Колледжде әркім өздері қалаған мамандық бойынша оқып, кейін білімін көтеруге мүмкіндігі мол. Мемлекет басшысы «Жас маман» бағдарламасын ұсынды. «Жас ғалымдарға ойларын жүзеге асыруға көмектесуіміз керек. Осыны жеке өзім қолға алмақпын. Осы орайда, Үкіметке іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырамын. Жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 миллиард қаржы бөлінсін» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Үкіметке жас ғалымдарға «Бизнес-2020» бағдарламасы аясында грант бөлуді тапсырды. Екі бағдарламаның да қазақстандық жастарға берері мол.

Өзім Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер мамандығында оқимын. Жетекшім, өндірістік оқу шебері Айбек Мәлиевпен бірге 12 вольтпен қоректенетін, тасымалдауға ыңғайлы шағын тоңазытқыш ойлап таптым. Ол облыстық жас өнертапқыштар сайысында бас жүлдеге ие болды. Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, біздерге қолдау көрсетіп отырғаны маған ерекше шабыт сыйлады. Жақсы оқып, алға қарай еліме, халқыма пайдасы тиетін жобалар жасау бағытында жұмыстанатын боламын.

Сырлыбек Хамитов,

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің ІІ курс студенті,

жас өнертапқыш.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521