Өнер иелерін қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Әуелесін кешегінің әндері» атты вокалды-аспапты ансамбльдерінің облыстық фестиваліне келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев қабылдады.

Ол киелі күй өңіріне ат басын тіреген өнер иелеріне қош келдіңін айтып, өңірдің қысқаша тарихымен таныстырды. Жоспарға сай ұйымдастырылған шараға қолдау білдіріп, ансамбльдерді жіберіп отырған мәдениет бөлімдеріне зор ризашылығын жеткізіп, Исатай, Индер, Жылой аудандары, Атырау қаласы вокалды-инструменталды топтарының, көршілес Ресей мемлекетіАстрахань қаласынан «Құрманғазы» өңірлік мәдениет орталығының өкілдеріне аудан әкімінің құттықтау хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

i

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеп, кешке керемет ретро-концерттің куәсі боларына сенетінін жеткізді. Сонымен, аудан тұрғындарын кешкі сағат 21:00-де «Тәуелсіздік» алаңында өтетін фестивальдің қонағы болуға шақырамыз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521