«Наурыз – жыл басы!»

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі Гүлнара Жасқайратқызының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Мақсаты – Наурыз мейрамының пайда болу тарихы, халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтармен таныстыру. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, ұлттық үлгіде киінген қыздар өз өнерлерін ортаға салды. Наурыз тойының басталғанын хабарлаған жаршы ортаға келіп, жиналғандарға мерекелі ккөңіл-күй сыйлады. «Отырардағы той» әнімен Айсәнім Нұрымова шара шымылдығын ашты. Жүргізушілер Ләззат Рүстемова мен Қайрат Елемесов Ұлыстың Ұлы күнінің пайда болу тарихы және қазақ халқының салт-жоралғылары туралы түсінік берді. «Туған жер», «Тәй-тәй» әндерін орындаған Г.Бауыржанова, А.Нұрымова, Ш.Сабырғалиева, Л.Рүстемова, Ш.Қуандықова көрермендердің көзайымына айналды. Одан әрі, Қыдыр ата мен Наурыз қыз ортаға келіп, ақ тілектерін жеткізді. «Наурыз айы туғанда» әні хормен айтылып, балдырғандар мерекеге арнап дайындаған өлеңдерін оқыды.

«Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдері көпшілікке ұсынылып, қазақ дәстүрінің құндылығы дәріптелді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Маратқызы ұлттық мейрам әр шаңыраққа бақ-береке, қуаныш, шаттық сыйласын деген ақ тілегін білдірді.

- Наурызда ақ дастархан дәмге толып, үлкендер «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, бәле-жәле жерге енсін» деп ақ бата берген. Осындай шынайы тілек, ізгі лебізден асқан жақсы сөз бар ма?! Сондықтан баршаңызға мық¬ты ден¬саулық, бейбіт өмір, молшылық тілеймін, - деген мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы шараны қорытындылады.

Бауыржан Хасантаев,

Сүйіндік жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521