Насихаттық топ ауданымызда

(0 Votes)

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, атқарылатын басты міндеттерді айқындау бағытында Атырау облысы әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ ауданымызға келіп, Абай атындағы жалпы орта мектепте педагогикалық ұжыммен, мектептің шаруашылық қызметкерлерімен, ата-аналармен кездесті.

Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ Баяров жиынды ашып, ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Оразғалиевті, мүшелері Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Өмірбек Бекжановты, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын Садихованы, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Кадыровты таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша топ жетекшісі Әсет Самарханұлы сөз алып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру, тұрмыстық жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қордаланған мәселелерді шешу, тарифтерді шектеу, жолдарды жөндеу және қоғамдық қауіпсіздік айқындалған Жолдаудың негізгі бағыттарына кеңірек тоқталды.

Топ мүшесі Өмірбек Қадірханұлы алдағы жылдан бастап «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданатындығын қаперге беріп, бұған дейінгі «Білім туралы», басқа да заңнамаларда мұндай мұғалімдерді қорғау, мәртебесін белгілеу бағыттары нақтыланбағандығын айтты.

Абай атындағы жалпы орта мектептің директоры міндетін уақытша атқарушы Мейрамгүл Жандыбаева мұғалімдер алдағы 2019 жылды үлкен үмітпен асыға күтетінін жеткізді. Мектепте білім беру сапасын жетілдіру мақсатында заманауи технологияларды қолдану енгізіліп, робототехника кабинеті, ІТ-сыныбы ашылып, жұмыс жасап жатқанына тоқталды.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521