Ән байқауында

Аудан тынысы

Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Осыған орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әнім сенсің - Астана» атты ән байқауы өтті.

Оған Мақаш, Еңбекші, Ақкөл, Азғыр, Теңіз, Кудряшов ауылдық округтерінен жас өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Өнерпаздардың өнерін сарапқа салушы қазылар алқасының құрамында Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі Гүлзада Кенжешова, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы халық ұлт-аспаптар оркестрінің концертмейстрі Әділбек Нұрғалиев, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі Раушан Сарсенова болды. Байқаудың талабына сай үміткерлер І кезеңде Астана туралы әндерді жанды дауыста шырқаса, одан кейін еркін тақырыпта сүйікті әндерін орындады. Байқаудың қорытындысымен жүлделі І орынды Еңбекші ауылдық округінен бағын сынаған Е.Сағынғали иеленсе, ІІ және ІІІ орындар Кудряшов, Теңіз, Азғыр ауылдық округтерінен А.Багратов, А.Ғизатуллина, Е.Қатимоллаға тиесілі болды. Қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Д. ҒАТАУОВА,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.