Миллион кімге беріледі?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру гранты кімдерге берілетінін түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып, «Атырау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қоғаммен байланыс жұмысының маманы Гүлнафис Жармұхамбетова бастаған қонақтарды таныстырды. Қатысушылардан белсенділік танытып, өз сұрақтары мен ұсыныстары болса ортаға салып отыруларын сұрады. Бірден айта кетейік жоғарыда аталған гранттың мақсаты – ауылдық елді мекендерде халықтың белсенділігін, білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу арқылы ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-дың бәскеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру. Грантқа ауылдық ҮЕҰ-дың өкілдері мен жетекшілері, қоғамдық кеңестің, бастамашыл топтардың мүшелері, жастар, әлеуметтік кәсіпкерлер, белсенді ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Жас мөлшеріне шектеу қойылмайды. Облысымыздағы жеті ауданға кемінде 1 миллион теңге шамасында 5 шағын грант бөлінген.

Жоба жөнінде «Атырау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестірушісі Айжамал Кенжеахметова LED экран арқылы түсінік берген соң, аталған мекеменің қоғаммен байланыс жұмысының маманы Гүлнафис Жармұхамбетова ҮЕҰ-дар тарихына, жұмыс барысына тоқталып өтіп: – Мысалы, грантқа зейнеткер жүн иіретін машина аламын деп қатысуы мүмкін. Өтінішін екі ауыз сөзбен жазса жетеді. Біз бизнес жоспар талап етпейміз. Жобасында не бар соны суретке түсіріп алып келсе болғаны. Миллионды қайда жұмсағаныңыз жөнінде бір рет қана есеп бересіз. Соған не сатып алсаңыз да төлем чегін салып жібересіз. Бір адам 10 жобаға дейін тапсыра алады. Екі жобаңыз өтсе, тіпті жақсы, 2 миллион теңгенің иегері атанасыз. Алайда бұл ақшаны мақсаттан тыс жұмсауға жол берілмейді.

img_4163

Грантқа қатысушылар миллионды ұту арқылы жұмыссыздар қатарын кемітеді. Талап етілетіні ХҚКО-нан мекенжай анықтамасы, жеке куәлігі және мақсатты жобасы. Осы үш құжаттың көшірмесін біздің электронды поштамызға жіберіп, телефонын көрсетуі керек. Себебі, семинарлар, тренингтер ұйымдастырамыз. Іріктеліп алынған 30 адамның 5-і грант иегері атанса, қалған 25-іне сертификаттар береміз. Бұл келесі жобаға өтуіне үлкен мүмкіндік туғызады, - деді. Одан әрі қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев қорытындылап, «Атырау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қоғаммен байланыс жұмысының маманы Г. Жармұхамбетоваға жақсы түсінік бергені үшін ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521