Мешіттегі құқықтық түсіндіру жұмыстары

(0 Votes)

Еліміздегі заңнамаларға енгізіліп жатырған өзгерістерге байланысты, діни бағыттағы заң бұзушылықтарға қарсы қолданылатын құқықтық жауапкершіліктерді түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 3 сәуір күні, Құрманғазы аудандық прокуратурасы мен Құрманғазы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері орталық «Темірәлі» мешітінде Құптан намазы кезінде мешіт жамағатына құқықтық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Құрманғазы аудандық прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев: әлеуметтік желілер арқылы қоғамның тыныштығын бұзатын, ұлтаралық, дінаралық алауыздыққа шақыратын экстремисттік материалдарды тарату - Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келетінін және оның құқықтық салдары туралы кеңінен түсінік берді. Және «экстремистік» болып табылатын материалдардың тізімін таныстырып өтті.

Аталған қылмыстық теріс қылық жасағандары үшін облыс бойынша бірқатар азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде ауданымыздың да тұрғыны бар екені анықталған. Анықтау барысында қылмыстық іс қозғалған адамдардың көпшілігі мұндай іс-әрекеттерді жасай отырып, оның қылмыс екенін білмеген.

Сонымен қатар, өздерінің діни нанымдарына сүйене отырып, мектеп жасындағы балаларын жалпы орта білім беретін мектептерде оқытудан бас тартып, басқа қалаларда орналасқан, тіркелмеген оқу орындарында алыстан оқытуы да заңнама талаптарына қайшы келетіні түсіндірілді.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Руслан Серікболұлы: - Жоғарыда аталғандай, өзінің жеке интернет парақшалары арқылы дәстүрлі емес діндері уағыздаушылардың аудио жазбаларын таратқан ауданымыздың Орлы ауылдық округінің кәмелетке толмаған тұрғынының үстінен қозғалған әкімшілік іс туралы толық мәлімет беріп, мешіт жамағатына заңды білмеу салдарынан заң бұзушылыққа тосқауыл қою қажет екенін ескертті.

Жалгаспай Шамбузов,

Құрманғазы ауданының ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521