Мерекелік марапат

(0 Votes)

Облыс орталығындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатта толайым табыстарға қол жеткізгендігін атап өтті.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты нәтижесінде тәуелсіз мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналғаны, бүгінде жиырма жылдығын атап өтіп жатқан Астана - әлемдік деңгейдегі маңызды геосаяси, экономикалық шешімдер қабылданатын ортақ келісім алаңы ретінде танылғаны, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету арқылы Қазақстан өркениетті елдер алдында өз позициясын нығайта түскендігі айтылды.

Ел тарихындағы ерекше мерекенің құрметіне орай Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Атырау облысынан мемлекеттік наградаларға ие болғандарды ұлықтады. Олардың арасында ауданымыздан Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қанат Ғаббасов, «Каспий Балық» өндірістік кооперативінің Шортанбай балық өңдеу зауытының атқарушы директоры, аудандық мәслихат депутаты Болат Абдулов «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Салтанат соңы үлкен мерекелік концертке ұласты.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521