Мерекелік акция ұйымдастырды

(0 Votes)

Гүл көктемнің шуақты мерекесі Әз Наурыз Құрманғазы ауылдық округінде де жоғары дәрежеде тойланды. Бүгін соның жалғасы ретінде округ әкімі Мұрабек Мұғалім мен округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Әз Наурыз құтты болсын!» атты акция өтті.

Мақсаты ұлттық мерекеміздің айшықты бейнесін қалыптастыру, жастар арасында қазақы салт-дәстүрімізге деген қызығушылықты арттыру, тұрғындарға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Акция барысында округ әкімі аппаратының мамандары мен әлеуметтік қызметкерлері, барлығы 16 адам төрт сауда нүктесіне бөлінді. Олар «Құралай», «Серпер» базарларының, «Мерей», «Серпер-сауда» сауда үйлерінің кіре берісіне орналасып, осында келушілерді өздері дайындаған сары бауырсақтармен, жеті түрлі дәм салынған, бал татыған наурыз көжемен қарсылады.

Аудандағы түрлі округтерден сауда жасай шыққан тұрғындар алдарынан ұлттық киіммен шығып, мерекемен құттықтап құрмет көрсеткен, дәмдерін ұсынған қыздарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Осы жерде төс қағысып көрісіп, амандық сұрасып жатқандар да болды. Барлығы да күн мен түн теңесетін кезде келетін Наурыз мерекесін осылай ұлықтап, акция ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген округ әкімдігінің жұмысына сәттілік тілеп, ұлыс оң, ақ мол, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

«Біздің сөзімізді жерге тастамай арнайы орын бөлген «Серпер», «Серпер-сауда», «Құралай», «Мерей» базарлары мен сауда орындарының басшылары Төреміс Шәріпов, Роман Рахимов, Гауһар Бөлекбаева, Ақылбек Қайсағалиев сынды кәсіпкер аға-апаларымызға алғысымызды айтамыз. Кәсіпкерлер ел келбеті ғой. Наурызда тілеген тілектері, алға қойған арман-мақсаттары орындалып, еңбектері жемісті болсын! Бірлескен жұмыстарымыз алға қарай да жалғасын таба берсін! Аудан тұрғындарын да құттықтаймыз ұлыс оң, ақ мол болсын!», - дейді округтің бас маманы Айгүл Ғайнеденова.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521