Мемлекеттік қызметтің беделі

(0 Votes)

Бүгінде білікті маман – мемлекеттік қызметтің беделі.

Мұндағы басты міндет – халыққа сапалы, әрі дер кезінде уақтылы қызмет көрсету. Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тұрақты түрде көңіл бөлініп, тұтынушылардың пікіріне айрықша назар аударылуда. Бұл ретте жүргізілетін жұмыстарда ашықтық пен жеделдік талап етіліп, ұсыныстар енгізілуде. Мемлекеттік қызметкерден жоғары моральды жауапкершілік, адалдық, өмірге белсенді көзқарас талап етіледі. Олар өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, халықпен тығыз қарым-қатынас жасау жүйесін қалыптастыруы қажет. Ол үшін мамандар өздерінің қызмет этикасын, функционалдық міндетін жетік білгені жөн.

Билік пен халық арасында тығыз байланыс орнамайынша мемлекеттік қызметтің беделін арттыра алмайтынымыз анық. Сондықтан, кез келген мемлекеттік қызметші өз жұмысын лайықты орындап, заңдар мен этиканың қатаң сақталуын қадағалағаны абзал.

Зияда Жоламанова,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521