Мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округінің мәдениет үйінде аудан әкімдігінің жоспарына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті.

Оған жұмыспен қамту орталығының, «Азаматтарға арналған үкімет» Ке АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «ӘТВАЕО» департаменті аудандық бөлімшесінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы, ауылшаруашылық, білім бөлімдерінің мамандары қатысты.

Шараны Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қанат Ғаббасов ашып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ғаламтор желісі, веб-порталдар арқылы әрбір тұрғынның қызметтерді үйінде отырып алуын бүгін арнайы келіп жатқан мамандардан түсінбейтін сұрақтарыңызды қойып, нақты жауап алуға мүмкіндіктеріңіз барын айтты. Аудан әкімдігі жанындағы ұйымдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қыметтердің сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Мейіржан Ғұмаров:

- Мемлекеттің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі –халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету болып табылады. Жалпы оған түсінік беретін болсақ, адам өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алады. Осылайша, туу туралы куәлік, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар, есейген кезде жеке куәлік алуға, балабақшаға кезекке тұруға, сонымен қатар білім, медицина, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жер саласындағы және т.б. қызметтерге электронды нұсқада қол жеткізген өздеріңіз үшін ыңғайлы. Қазіргі уақытта, тұрғындар тікелей мемлекеттік органдар арқылы қызметтің 20, баламалы түрде 55, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан 67, ал «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы 44 түрін алуына болады.

Аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттары соңғы үлгідегі компьютерлермен қамтылып, өзіне–өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Арнайы бөлінген бір маман тұрғындарға қызмет көрсетуде, - деді. ЛЕД экран арқылы қызметтерді электронды түрде алудың жолдары жөнінде бейнеролик тамашаланғаннан кейін, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелеріне орай мамандарға тікелей жолығып, қажетті кеңестерін алды.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521