Мемлекеттік қызмет ардагеріне құрмет

(0 Votes)

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров зейнеткерлік жасқа толып отырған, 41 жыл еңбек өтілінің 25 жылын мемлекеттік басшылық қызметке арнап, Байда, Кудряшов ауылдық округтерінің әкімі лауазымын абыроймен атқарған, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болып сайланған, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Зәуре Ертаеваны қабылдады.

Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміров: - Бүгін зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Зәуре Қайыржанқызының есімі өздеріңізге жақсы таныс. Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Байда, Кудряшов ауылдық округтерінің әкімі болды. Қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, тұрғындардың көңілінен шығып, ықыласына бөленді. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асырып, аталған округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлкен үлесін қосты. Елбасымызбен кездесіп қолынан куәлік алды, Астанадағы өткен үлкен жиында сөз сөйлеп, көкейкесті мәселені көтерді. Зәуре апамыздың еңбек жолы кейінгі жас буын мемлекеттік қызметкерлерге үлгі-өнеге, - деп мерейгердің өмірдеректерімен таныстырып, алғыс хат пен естелік сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ , қазіргі атқарып отырған қызметін тағы бір жылға ұзарту жөнінде келісімшарт жасалғанынан хабардар етті.

Шара барысында З.Ертаеваны өзі еңбек еткен округтердің атынан Байда, Кудряшов ауылдық округтерінің әкімдері Бекес Сәрсенғалиев, Сақтапберген Ертелеуов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдуррахман Муса ізгі тілектерін жеткізіп, құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады. Соңында Зәуре Қайыржанқызы өзіне көрсетіліп жатқан құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521