Құмдағы кездесу

(1 Vote)

Алыстағы Үштаған ауылындағы Құрманғазы атындағы орта мектепте ауыл кітапханашысы Рима Төлешованың ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.  Оған осы ауылдың тумасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Есмұхан Жанизин қонақ ретінде шақырылды.

Е.Жанизин Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бұрын баспа бетін көрмеген «Азғырдың ақындары» атты авторлар топтамасын құрастырып, шығартқан болатын. Дала құпиясынан сыр шертетін ауыл тақырыбына арналған кітаптың тұсаукесерінде Асан ауылдық округінің әкімі Гүлім Қабдражитова сөз алып: - Есмұхан ағамен 2016 жылы «Құмаршық» жыр жинағына орай Асан ауылында оқырмандармен кездесу өткізгенбіз. Сонда ауыл үлкендерінің алдында өңірдің айтқыштарының еңбектерін жинақтағанын, оны кітап етіп шығармақ ойын айтқан болатын. Міне, ақын ағамыз сол рухани қазынаны ауылға алып келіп отыр. Оған қоса өзінің «Сахара» атты жеке жыр жинағы да шыққан екен. Құтты болсын! – деді. Ауыл әкімі оның «Атырау» газетінен алған жүлдесімен құттықтауды да ұмытқан жоқ.

«Азғырдың ақындары» кітабының лентасын Г.Қабдрашитова мен мектеп директоры У.Сағынғалиев қиды. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Өмірзақова кітапқа шолу жасады. Оқушылар ақын өлеңдерін оқып, әндер айтылды.

Кешті жүргізген кітапханашы Рима Төлешова кеш қонағына сөз кезегін ұсынды. Автор бұл туындының өлке тарихын тануға аз да болсаүлес қосатынын айтып, оқырмандарына зор ризашылығын білдірді.

Үштаған көрікті жер түр бояусың,

Ел барда сен де мәңгі тұр ояусың.

Әкеме тартып тусам осы құмда,

Кім маған дей алады құр жаяусың, - деген өлеңі құлақтарда жаңғырды.

Жазира Өмірзақова,

Үштаған ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521