Маусымнан бастап жалақы өседі

(0 Votes)

Бұған дейін айтылғандай биылғы жылдың 1 маусымынан бастап елімізде 1,5 миллион адамның жалақысы өседі. Бұл туралы 26 наурыз күні Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақыны көтеру мерзімін ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 маусымға жылжыту туралы тапсырма берген болатын. Яғни, бір айға алға жылжып отыр. Осыған орай аталған мақсатқа қосымша 37,8 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Алушылар контингентінің аясы бұрынғыша, яғни 1,5 млн адам. Білім беру саласында - балабақша тәрбиешілері, олардың көмекшілері, колледж оқытушылары, мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар және басқа да жұмысшылар. Денсаулық сақтау саласында - дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, медбикелер, лаборанттар, санитарлар, жұмысшылар, жүргізушілер және басқалары. Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда - азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сонымен қатар орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер. Шығыс көлемінің өзгеруіне қатысты ұсыныстар Мемлекет басшысының келісіміне жіберілді. Бұл 37,8 млрд теңгені құрайды. Таяу күндері аталған сома 2019 жылға арналған нақтыланған бюджетте қабылдануы үшін Парламентке жолданады. Бюджет қазіргі уақытта Парламент қарауында жатыр», - деді министр.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521