Маусымға дайындық

(0 Votes)

Ағымдағы жылы аудан аумағы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы 5000 га алқапқа қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Соның ішінде:

- Итальян прусына (қыр бойына) – 2100 га.

- Азиат шегірткесіне (теңіз жағалау аймағына) – 2900 га.

Химиялық өңдеу жұмыстары ауа райына байланысты мамыр-маусым айларында ұшақ құралымен өткізіледі.

Барлық шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындар шабындық пен жайылымдық жерлеріне зерттеу жүргізіп, үйірлі шегірткесінің дернәсілдерін анықтап, ол жерлерге қарақшы (2 метрлік ағаш ақ матамен) орнатқаннан кейін 2-30-62 телефонына аудандық аумақтық инспекциясына жедел хабарласуы тиіс.

Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу және мониторинг жұмыстары оған қарсы құрылған штаб басшысы, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміровпен басқарылып, үйлестіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Химиялық өңдеу жүргізілген жерлерге шабындыққа немесе жайылымдарға карантин орнатылады. Оның кезінде теңіз жағалауы аймағына 15 күн мал жаюға, пішен-шөп дайындауға, қыр бойына 30 күн мал жаюға, жем-шөп әзірлеуге тыйым салынады.

Бұл жұмыстарды бастамас бұрын өңделетін жерлердің атауы және көлемі туралы шаруа қожалықтары мен тұрғындарды хабардар ету үшін округ әкімдіктеріне арнайы хат жолданады.

Владимир Никешин,

аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы,

өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521