Мамандық таңдау – маңызды қадам

(0 Votes)

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты өртке қарсы қызметінің мамандарын даярлайды.

Күндізгі оқу бөліміне 17-25 жас аралығындағы ер балалар қабылданады. Студенттер барлық оқу мерзімінде ақысыз киім-кешекпен, тегін тамақпен, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі. Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертификаты негізінде қабылданады. ҰБТ тапсыру кезінде төртінші пән ретінде физика таңдалуы қажет. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың институттағы күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге өртке қарсы қызмет лейтенанты атағы беріліп, олардың алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады

Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, М.Ғабдолова көшесі 155, аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізді немесе 2-11-44 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуыңызға болатынын қаперіңізге береміз.

А.Әлібекқызы,

Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы,

азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521