Мұзда ойнау өте қауіпті!

(0 Votes)

Қиғаш өзенінің Шортанбай ауылы тұсында мұзда ойнап жүрген екінші сынып оқушысы Нұрхан Нуриденов аңдаусызда өзеннің қатпайтын жеріне(майна) шанамен түсіп кетеді.

Қорқып кеткен баланың айқайына ауыл тұрғындары Қайырболат Кукибаев пен Болат Базарбаев бірден назар аударып оқиға орнына дереу жетеді. Мұздың осалдығына қарамастан етпетімен жатып, бір-біріне жалғасып, жетпеген соң ескертпе тақтайды да жұлып алып, баланы құтқарып қалудың амалын жасайды. Жандәрмен дегенде таяқтың ұшын балаға жеткізіп аман алып қалады. Олардың жедел әрекетінің арқасында ғана қайғылы оқиға орын алмады.

Құрметті ата-ана, мектеп мұғалімдері қазіргідей ауа-райының бір еріп, бір қатып тұрған шағында балалардың мұзға ойнауына жол бермеңіздер. Олар әрдайым бақылауларыңызда болсын!

Шортанбай ауылдық округі әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521