Мұражайда бұрыш ашылды

(0 Votes)

Атаулы күнге орай аудандық мұражайда «Жастық шағын отты жылдар шарпыған» атты бұрыш ашылды. Көрмеге сол соғыста құрбан болған Ғ.Өмірбаев, Б.Бегәлиев, В.Григорьев, із-түзсіз жоғалған Б.Құбаев жайлы деректер, сарғайған фотосуреттер, олардан қалған қастерлі бұйымдар қойылды.

Сондай-ақ, өндірдей бозбала шағында от пен оқтың ортасында болған жерлестеріміз туралы мәліметтер фотоларымен берілген. Интернационалист жауынгер А.Сақташевтің әскери формасы, медальдары, басқа да сұрапыл соғысты жадыға салар жәдігерлер орын алулы.

Арнайы бұрыштың алдына керілген лентаны аудан әкімі Бибоз Шаяхметов пен «Ауған соғысы ардагерлері Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Қайыржанов салтанатты жағдайда қиып, құттықтау тілектерін білдірді. Аудан басшысы өз сөзінде бүгінгі Алғыс айту күнімен тұспа-тұс өтіп жатқанын айтып өтті. – Кезінде әскери борышын адал атқарып, қазақ солдаты деген қастерлі атқа қылаудай дақ түсірмей, ерлік пен қайсарлық, табандылық танытқан сіздерге де алғыс айтқым келеді. Әр соғыстың қиындығын көріп, қан кешуден өткен ардагерлеріне көрсетілер құрмет шексіз. Бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар арамызда жоқ, жалғыз ғана ғасыр жасаған соғыс жесірі Уағиса анамыз қалды. Өмірдің заңы осындай, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін енді сіздерсіздер, оларға отаншылдық тәрбие беруге белсенді атсалысып, арамызда аман-есен жүріңіздер.

Ғабиден Хатипұлы ауғандық ардагерлерге осындай құрмет көрсетіп, мұражайдан арнайы бұрыш ашылып жатқанына ризашылығын білдірді.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521