Мұрабек – үздік ауыл әкімі

(0 Votes)

Атырау телеарнасы жаңа жыл қарсаңында өзінің дәстүрлі «Телеарна таңдауы – 2018» атты әр саланың үздіктерін анықтады.

Жыл ішінде телеарнамен ақпараттық және қоғамдық байланыс орнатып, әрдайым шығармашылық серіктестікте болған көптеген мамандық иелеріне құрмет көрсетті. Ауылдық елді мекендердің даму деңгейін насихаттайтын «Алтын тұғыр» бағдарламасымен бірлесе жұмыс атқарған және atyrautv.kz сайтындағы хабардың қаралымы бойынша ең көп көрсеткіш жинаған Құрманғазы ауылдық округі жыл үздігі ретінде таңдалды. Осы округтің әкімі Мұрабек Рифхатұлы Мұғалім «Үздік ауыл әкімі» аталымына лайық деп танылды.

Байқауға түскен облыстағы 72 ауылдық округтің ішінен топ жарып шыққан Құрманғазы ауылдық округі тұрғындары және жер көлемі жағынан үлкендерінің бірінен саналады. Соған сай басқару ісінде өзіндік қиындықтары да жетерлік, ауылішілік жол құрылысын жүргізу, тұрғын үй салу, сапалы ауыз сумен қамту, көгалдандыру мен көріктендіру, тазалық мәселелері бойынша жан ауырта жұмыстанып жүрген жас әкімнің тындырымдылығына бүкіл ауыл-аймақ куә. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып белсенділігімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Демек, Мұрабек әкімнің облыста үздік деп танылуы оған берілген орынды баға.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521