Ұлттық өнерді ұлықтаймын

(0 Votes)

Мемлекет саясатының негізгі бағытының бірі – жастар мәселесі және бұл ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Бұның бір дәлелі биылғы жылдың Жастар жылы деп жариялануы. Астанада Елбасының қатысуымен өткен жиында оларға зор қолдаудың шынайы көрінісін байқадық. Болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары – асқақ рухты жастар десек қателеспейміз.

Жиында әр салада жұлдыздары жанған қыз-жігіттердің жеткен игі жетістіктері мен жасаған заманауи жобалары, Елбасының жастарға берген кеңесі мен қамқорлығы бізге жаңа леп, жалынды жігер берді. Жалпы мен «Үкіметке қол жайып отыра бермей, еңбектенсең, екі қолға бір күрек табылар» деген ұранды ұстанамын. Өзім ата-бабадан келе жатқан ұлттық өнерді ұлықтауға ден қойып,төзім мен шыдамды серік етіп, ағаштан түйін түюді қолға алдым. Бүгінде шағын шеберхана ашып, тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысудамын. Аллаға шүкір, оған деген сұраныс артуда. Өйткені, қазір сыйлы қонақ күткенде байырғы ағаш тостағанмен, астау сынды табақпен ас әкелу бұрынғы дәстүріміздің жалғасы ретінде үрдіске айналды. Төрде ілініп тұрған домбыра мен қамшы да шеберлеріміздің қолөнер туындысы. Сондықтан, тапсырыс берушілердің күннен-күнге көбейе түсуінен, алдағы уақытта шеберханамды кеңейту жоспарымда бар. Мемлекет басшысы адамның бойында талант болғанымен, оның 90 пайызы еңбекпен келетіні жөніндегі мәселені өте жақсы айтты. Иә, расында да еңбектенсең еленесің, бейнетіңнің зейнетіне кенелесің.Президент жиында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламаға 32 млрд теңге бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, Үкіметке «Бизнес-2020» деген «Жол картасы» бағдарламасы аясында оларға бөлінетін қаржы көлемін 2 есеге арттыруды міндеттеді. Міне, бұл жақсылық ерекше қуанышқа бөлеп, мерейімізді тасытты. Келешекте бастаған кәсібімізді тұрақты өркендетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Талғат Жұмалиев,

жас кәсіпкер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521