Ұлттық дәстүр ұлықталды

(0 Votes)

Бұл ізгі мерекені ұжым болып атап өтуді дәстүрге айналдырған аудандық қазынашылық бөлімінде де есіктен кірген жанды ұлттық дәм-тағамдар сірескен дастархан мәзірі күтіп тұрды. Киіз үйдің жасау-жабдығы әспеттелген төрге қонақтар келіп жайғасты.

Бөлім басшысы Балағазы Иманғалиев осынау ізгі мерекемен құттықтап, еліміздің демографиялық жағдайы өркендей түссін, әр шаңырақта сәби күлкісі кетпесін деген ақ ниетпен ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтау мақсатында «Бесікке салу» рәсімін ұсынатындарын айтты. Аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Т.Дәрелов барлық жөн-жоралғысын сақтап нәрестеге «Наурызгүл» деп есімін қойып, батасын берді. Қазақы салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, отансүйгіштікті, сондай-ақ адамға тән ізгілікті насихаттайтын айт мерекесіне арнап аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, аппарат басшысы Нұрлыбек Қалиев, мәслихат депутаты Мансур Қуанышәлиев, ауыл шаруашылығы, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдері, кірістер басқарамасының басшылары Руслан Сәуменов, Зияда Жоламанова, Нұрлан Харесов жүрекжарды лебіздерін жаудырды.

Аудандық мәслихат депутаты Рифхат Сұлтанияев, «Көрісу» айты елдің амандығына, өсіп-өнуіне, береке-бірліктің баяндылығына бастасын деген ақ батасын берді.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521