Ұлағатты ұстаздарға құрмет!

(0 Votes)

Педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,-деген .

Білікті,білімді,озық ойлы ұстаздарымыздың қашан да орны ерекше.

Жаңа оқу жылының қарсаңында Атырау қаласында облыс әкімі Н.Ноғаевтың қатысуымен өткен Білім және Ғылым қызметкерлерінің тамыз форумында М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстазы жоғары марапатқа иеленді.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін мектебіміздің мақтанышы Артмухамбетова Айғаным Абдулаевна «Ыбырай Алтынсарин» белгісімен марапатталды. 30 жыл білім саласында қызмет етіп жүрген Айғаным Абдулаевна –жоғары санатты география-биология пәндерінің оқытушысы,педагог-зерттеуші, жаңашыл-ұстаз.

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай ұстаз еңбегі ешқашан елеусіз қалмайтыны хақ. Ұлағатты ұстазымызға -деніне саулық,жетер жетістігі,алар асуы,бағындырар белесі мол болсын демекпіз.

Қ.С.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521