«Харекеттің» шарапатты ісі

(0 Votes)

Қайырымдылық қанымызда бар қасиет дегенмен, қазіргідей қатыгез қоғамда адамдардан мейірім күтудің өзі артық сияқтанады.

Бірақ біреудің басына іс түсе қалса, қолындағысымен бөлісіп, көмегін аямайтын жандардың бар екенін мойындамасқа шара жоқ.

Тағдыр тауқыметін тартып, баспанаға мұқтаж боп жүрген жандарға қаражат жинап, үй алып беруді әдетке айналдырған «Харекет» қайырымдылық қорының шарапатты ісіне әуелден куәміз. Бұл қор Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте өткен «Білім күні» салтанатында «1000 теңгеге – баспана» акциясы бойынша Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылының тұрғыны жалғызбасты 5 баланың әкесі Роберт Ихсановқа тұрғын үйді тарту етті. Туған жеріндегі игі істің жүзеге асуына атсалысып, шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев пәтер иесіне кілтті салтанатты түрде табыстады. «Харекет» қайырымдылық қорының облыстағы басшысы Болатбек Қоңырбаев өз сөзінде қордың негізгі мақсатымен ауыл тұрғындарын хабардар етіп, бүгінде апта сайын мұқтаж жандарды қуанышқа бөлеп жүрген олар республика көлемінде 29-ыншы, Атырау облысы бойынша 3-ші үйді табыстап отырғандарын қаперледі.

Одан әрі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиев, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Құсайынов сауапты жұмыстарды атқарып келетін аталмыш қор мүшелеріне зор ризашылықтарын білдіріп, баспаналы болған отбасыға өздерінің сый-сияпаттарын жасады. Сонымен қатар, Хиуаз ауылының жастары, ауданның жас кәсіпкерлері қуаныш иесіне тұрмысқа қажетті үй жиһаздарын алып берді. Көрші-көлем жиналып дастархан жайып, бата-тілектерін арнады. Мейірімді жандардың шапағаты тиген жалғызбасты әке Роберт көмек қолын созған қайырымды бауырларына шынай алғысын жаудырды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521