Халқымыздың тамаша дәстүрі

(0 Votes)

Жер дүние бусанып, күн мен түн теңесетін жаңа жылдың басы – наурыз мейрамы алдымен көрісумен басталады. Бұл – жылдан-жылға аман-есен жеткен қуаныштың күні. Көрісудің негізгі мәні – бір-бірін арнайы іздеп барып амандасатын ағайын арасындағы сыйластықты білдіреді, үлкенге әдейі барып, батасын алып көрісуді міндет санаған кішілердің сыпайылығын көрсетеді.

Бүгінде көрісу дәстүрі Қазақстанның бүкіл батыс аймағына ғана тән. Маңғыстау өңірінде оны «Амал мерекесі» деп атайды. Онда ер азаматтар қол алысып, ақ жаулықты аналар жағы құшақтарын ашып, төс түйістіре амандасады. Соңғы жылдары Маңғыстауда «Отпан тау» тарихи кешенінде «Адай ата» кесенесі маңында Амал мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Өйткені жеркілікті тұрғындар үшін «Отпан тау» киелі де қасиетті орын. Сол шара бүгінде кәдімгідей бірліктің нышанына айналғанын байқауға болады. Бұл күні әрбір адам қазақы ою-өрнекпен әшекейленген ұлттық киімдерін киіп, «Амал, оң болсын!» деген тілектерін жеткізеді.

Ал, біздің өңірімізде аталмыш мереке «Көрісу айты» деп аталып, адамдар бір-бірімен қол алысып, «бір жасымен» құттықтайды. «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырлы бол!» деген ізгі лебіздерін айтады. Бұл күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмтылады, көрші-көлем бір-бірін қыстан сақтаған сүр етіне шақырып, мәре-сәре болады.

Әзірше батыстықтарға тән алысты жақындататын, өкпе-ренішті кешіретін, бірлік пен татулықты арттыратын Көрісу айты құтты болсын! Бір жасыңызбен, ағайын!

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521