Кел, көрісейік ағайын!

(0 Votes)

Көрісу мерекесіне орай бір ғимаратта отыратын аудандық мәслихат пен білім бөлімі бауырсағы мен Наурыз көжесін дайындап қойыпты.

Бұл күні оқалы шапанын қаусыра жапқан ер азаматтар, ою-өрнекпен әшекейленген ұлттық киімдерін киген қыз-келіншектер айт мейрамының сән-салтанатын асырып тұр. Таңмен есік алдында әсем әуен ойнатылып, айналаны шаттыққа бөледі. Айқара құшақтарын жайып төс түйістіріп, жадырап амандасқандар жаңа жылға аман-есен жетіп қауышқандарына қуанып, бір-біріне бірлік пен татулық, береке мен ырыс тілесіп, арқа-жарқа болды. Дастархан басына жиналғандарға аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ақжарма тілегін білдіріп, мерекенің маңыздылығына тоқталды. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жұмақай Ғұмаров ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі.

 

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521