Кәсіпкер өз қаржысына ауылына жарық тартуда

(0 Votes)
Атыраулық кәсіпкер, Еңбекші ауылдық округінде туып өскен, «Норт Каспиан Прокон Салушн» компаниясының құрылтайшысы Мұғал Махымғалиев «Атамекен» ҰКП көтерген «Әр ауылға бір қамқоршы» жобасын қолдап, өз ауылының бір көшесіне электр жарығын жүргізіп беруді қолға алды. Бізбен әңгімесінде бұл жөнінде Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қанат Ғаббасов: - Аталған жоба Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегеновтің бастамасымен жүзеге асуда. Мұғал есімді жерлес ініміз ұзақ жылдар кеңшарда абыройлы еңбек еткен Төреш ағамыз бен Жұмақия Айболатова апамыздың он баласының бірі. Жұмақия апамыз «Алтын алқа» иегері. Мұғал қазір өз қаражатымен ауылымыздағы Азаттық көшесіне электр желісін жүргізуге кіріскелі жатыр. Техникалық қызмет құжаттарын алды. -Жалпы ауылымыз бойынша жеті жоғары, орта және төменгі ток желілері өтеді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Десек те, кейбір көшелер жарықпен жеткілікті жағдайда қамтылмаған. Әсіресе, қыста балаларға қиын. Күн қысқа болғандықтан, қараңғылық тез түсіп, автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп туғызады. Жергілікті жердегі компаниялардан мердігер мекеме анықталды, қазан айының ішінде Азаттық көшесіне жарық жүргізуді бастайды. Мұғал Төрешұлына ауыл тұрғындары атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіремін. Осындай кәсіпкерлер қатары көбейсе, қазақтың алтын бесігі ауылдарымыз көркейе береріне сенімдімін, - деді. Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521